Бірінші болып көріңіздер: Қазақстан сән апталығында не көрсетеді (фото)
Алматы қаласында биыл он сегізінші рет ұйымдастырылып отырған Kazakhstan Fashion Week көрсетілімдері өтті. Әлі екі күнге жалғасатын көрсетілімге Грузия, Ресей, Өзбекстан, Украина мемлекеттерінің сәнгерлері атсалысты.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Kazakhstan Fashion Week көрсетілімдерінің алғашқы аптасында Ольга Ким, Ирина Байжанова, Алекс Чжен, Сергей Шабунин, Тамара Ламанукаева, Снежана Горобец сынды сәнгерлер 2016/17 жылдарға арналған күз-қыс топтамасымен таныстырды.
Kazakhstan Fashion Week көрсетілімдерінің тұрақты қатысушысы Лария Джакамбаеваның таңдауы ашық түстерге түскен. «Бұл – көше сәні. Киімдердің пішіні ер адамдардың жейдесіне ұқсайды. Меніңше, бұл әрбір заманауи бойжеткенге қажет. Яғни бұл кеудешелерді белдемшемен де, шалбармен де үйлестіруге болады», – дейді сәнгер.
Lariya топтамасы:
Бәрінен де басына тор киіп шыққан Тамара Ламанукаеваның топтамасы жұртты таңқалдырды. Сәнгер бастапқыда мұндай ойының болмағандығын айтқан.
Mirel Marat топтамасы:
Алекс Чженнің топтамасы әріптестері Ольга Ким мен Ирина Байжанованың туындыларына ұқсайды. Ол да барлық киімін қара түсті матадан тігуді жөн көрген.
Снежана Горобец топтамасы:
Қазақстандық сәнгерлер Ольга Ким мен Ирина Байжанова бірігіп “Носи мое” атты ортақ топтама әзірлеген. Сәнгерлердің дуэті ақ түстен құралған.
“Носи мое” топтамасы:
«Кезекті топтамамның өзгелерден айырмашылығын айтсам, бірінші кезекте ақ-қара түсімен ерекшеленеді. Біз осы уақытқа дейін нәзік, ашық түстерді таңдауға тырысатынбыз. Жыл сайын отандық сән апталығында алқызыл, көгілдір түстер сәнде болатын. Десе де, сәнгерлердің талғамы өзгерген сыңайлы. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Мұнымен қатар, топтамамыздағы әрбір киімді күндіз де, кешке де киіп жүруге болатындай етіп тіктік. Барлығы да әмбебап образдар. Бұл жолы тұтынушымыздың нақты кім екенін алдын ала білдік. Ол – сәннен хабары бар, мансапта да, отбасылық өмірде де жолы болған, сапа мен ыңғайлылықты бағалайтын әйел. Осыны ескеріп топтамамыздағы киімдерді тігу үшін табиғи маталарды пайдаландық. Жалпы үш ай уақыт тер төктік», – дейді Ольга Ким.
SS топтамасы:
Топтама әзірленіп жатқан кезде сәнгердің аяғы ауыр болған. Музасы – ішіндегі сәбиі болған екен.
Аталған көрсетілімге танымал жұлдыздар қонаққа келіп, сәнгерлердің туындыларына өз бағасын берді.
20 сәуір күні сағат 17:00-де Abzal, by Sipa, Banoome, Damilya Zhumabek. 19-30-да Yerlan Zholdasbek, Studio.K, Salle de Mode, Samidel, Anastasia Kovall; 21 сәуір күні сағат 17:00-де Jarkyn Baimakhanov, Karakoz Nur, GK, 19:30-да Aida Kaumenova, Poalen, Chaude.kz топтамалары көрсетіледі.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан сән апталығының қай күндері өтетіні белгілі болды
Балнұр Асанованың киім үлгілері сән апталығына келгендерді таңырқатты