ҚФФ президенті Марат Омаров ФИФА мен УЕФА комитеттеріне мүше болды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ФИФА жанындағы бұқаралық және әуесқой футболды дамытуға жауапты Grassroots and Amateur Football Committee құрамына сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл комитет футболды ең бастапқы деңгейден бастап дамытуға, әуесқой спортты қолдауға және түрлі жастағы азаматтарды футболмен жүйелі түрде айналысуға тартуға бағытталған жобаларға жауапты.
Сонымен қатар, Марат Омаров УЕФА-ның Ұлттық қауымдастықтар комитетінің (UEFA National Associations Committee) мүшесі атанды. Аталған құрылым УЕФА мен ұлттық футбол федерациялары арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ еуропалық футболдың дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған.
Қазақстан футбол федерациясы өкілінің ФИФА және УЕФА аясындағы салалық комитеттерге мүше болуы еліміздің футбол саласының халықаралық және еуропалық деңгейдегі үдерістерге белсенді араласуына жол ашады.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

