Жеңіл әрі тиімді: Bank RBK ұсынған SARQYT кешбэк-бағдарламасы нарықтағы үздіктердің қатарында

Қазақстанда кэшбэк пен бонустық бағдарламалар соңғы жылдары банк нарығындағы басты трендтің біріне айналды. Қазір олар клиенттер үшін жай ғана қосымша мүмкіндік емес, банкті бағалауда және таңдау жасау кезіндегі маңызды фактор болып отыр.
Сатып алуға жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтарып беретін бағдарламалар банк карталарын күнделікті қолдануға ынталандырады. Осылайша әрбір төлем клиентке қосымша пайда әкеледі. Мұндай тәсіл адамдардың банк қызметіне деген оң көзқарас қалыптастырып, сенімді күшейтеді әрі банкке деген адалдықты қалыптастырады.
Бүгінде Қазақстандағы 23 екінші деңгейлі банктің 12-сі әртүрлі бонустық бағдарламаларын ұсынады. Соның ішінде барлық дүкендер мен кез келген сауда нүктесінде жасалған сатып алымдарға кэшбэк беретін банктер саны – 9. Алайда әр банктің өз шарттары мен талаптары бар.
Төменде қазіргі таңда нарықта кез келген жерде жасалған сатып алымдарға кэшбэк ұсынатын ең тиімді бағдарламаларды қарастырамыз.
Bank RBK ұсынатын SARQYT адалдық бағдарламасы
Нарықтағы бірегей өнімдердің бірін Bank RBK SARQYT адалдық бағдарламасы арқылы ұсынып отыр ("Шашу кешбэк. Бәріне 8%. Әрдайым"). Бағдарламаның мәні мен ерекшелігі неде? Бәрі өте қарапайым: кэшбэк әлемнің кез келген нүктесінде жасалған барлық қолма-қол ақшасыз жасалған бөлшек сауда үшін нақты ақшамен есептеліп, қайтарылады. Жалғыз ғана шарт картада қалдық сомасы болу керек. Қалдық көлеміне байланысты кэшбэк мөлшері 3%-дан 8%-ға дейін өзгеріп отырады. Сонымен қатар шоттағы ең төменгі қалдық талаптары 75 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін аралықты қамтиды. Басқа банктермен салыстырғанда ең қолжетімді шектердің бірі. Жалпы алғанда, өзге екінші деңгейлі банктерде жоғары кэшбэк алу үшін бір емес, бірнеше шартты қатар орындау қажет және олардың барлығы белгілі бір шектеулермен байланысты.
SARQYT бағдарламасы – Bank RBK клиенттері үшін тегін ұсынылатын артықшылық. Картаны адалдық бағдарламасына My RBK мобильді қосымшасы арқылы қосуға болады. Ай сайын есептелетін кэшбэктің ең жоғары мөлшері 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ол нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Толық ақпаратты төменде берілген кестеден және сілтеме арқылы танысуға болады.
Freedom Bank ниеттестік бағдарламасы
Енді Freedom Bank ұсынатын адалдық бағдарламасына тоқталайық. Банктің экожүйесін есепке алмағанда, жекелеген компоненттерді біріктіру арқылы кэшбэктің ең жоғары мөлшері 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Алайда айта кетері, 4% көлеміндегі жоғары кэшбэк алу үшін шоттағы орташа айлық қалдық 1 млн теңгеден асуға тиіс. Қосымша 2% немесе 3% кэшбэк алу үшін байланыссыз төлемдер жасау қажет (соның ішінде Freedom терминалдарында төлем жасаған жағдайда 3% беріледі). Бұған қоса, жалпы сомасы 50 мың теңгеден асатын сатып алулар үшін тағы 1% қосымша кэшбэк қарастырылған.
Егер жеке шарттарды есепке алмасақ, банктің экожүйесінен тыс базалық кэшбэк мөлшері 1%-дан басталады. Тағы бір маңызды жайт Freedom Bank кэшбэкті Freedom валютасында есептегендіктен, өз алдына бірқатар ерекшеліктер мен шарттарды қамтиды. Ай сайынғы кэшбэктің ең жоғары сомасы 200 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Bereke Bank-тің "B-Bonus" адалдық бағдарламасы және премиум карталары
Сонымен бірге Bereke Bank те сауда үшін көп бонус ұсынатын банктердің қатарына кіреді. Банк карталары бойынша 5% және 7% көлемінде бонус қарастырылған.
3%-дан 7%-ға дейінгі көбейтілген бонустарды 500 мың теңгеден 20 миллион теңгеден жоғары сомада депозиті бар клиенттер (BBonus+) ала алады. Бұған қоса, Bereke Premium картасы бойынша да 5% бонус ұсынылады. Бонустардың ең көп айлық мөлшері 200 мың теңге (BBonus+ шарттары бойынша).
Еуразиялық банктің бонустары
Жеке санаттар мен арнайы ұсыныстарды есепке алмағанда, банк карталары бойынша барлығы 5%-ға дейін бонус алуға болады. Бірақ бірнеше шарты бар: карта бойынша ақша айналымы 300 001 теңгеден асса, 3%-ға дейін, 5 миллион теңгеден жоғары депозит болса, тағы 2% қосылады.
Жоғарыда аталған 9 банк бойынша толық дерек инфографикада көрсетілген. Аты аталғандардан бөлек тізімге Home Credit Bank, Банк ЦентрКредит, Шинхан Банк Қазақстан, Alatau City, Altyn Bank, Halyk Bank, Kaspi Bank пен ForteBank қосылған.
*Санаттар бойынша шектеулер бар

Айта кетері, Қазақстандағы карта нарығы тұтынушылардың белсенділігі және қызығушылығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Ал саладағы негізгі көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келеді. Негізгі себебі – ниеттестік бағдарламалары, бонустар мен кешбэктер.
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы төлем карталарының саны 84,4 миллион данаға жеткен, бір жылдағы өсім 5%. Ал бес жылда карталардың саны 80,5%-ға көбейген, соңғы 10 жылдағы өсім 5 есеге жетті.
Осылайша бүгінде Қазақстанның банк секторындағы кешбэктер мен бонустар тек маркетинг "әдісі" емес. Ниеттестік бағдарламалары:
- Клиенттің қаржысын үнемдейді;
- Банк өнімдерін күнделікті қолдануға әсер етіп, ыңғайлы ете түседі;
- Ниеттестікті нығайтуға, клиенттер тартып, оларды ұстап тұруға әсер етеді;
- Қолма-қол емес есеп айрысу мен елдегі банктердің цифрлық тәжірибесінің артуына ықпал етеді.
Сондықтан тұтынушылар үшін кешбэк банк таңдау кезіндегі маңызды факторға айналып, нарықтағы бәсекеде негізгі элемент болып отыр.

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр