Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық кейуана 20 жылдан бері қызынан таяқ жеп келе жатқанын айтып жылады

Роза ханымның бір ұлы мен бір қызы қайтыс болған. Кенже қызы тұрмыста. Әйелдің тағы бір қызы жол апатына түсіп, соның салдарынан ауру болып қалған. Ақыл-есін дұрыс білмей анасына қол көтереді екен. Кейуана немересімен бірге пәтерден-пәтерге көшуден шаршағанын айтып жылады.

юджюд

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

«Бағдарламаға Қызылорданың өзінен келіп отырмын. Төрт құрсақ көтерген едім, бір ұл, бір қызым қайтыс болып кетті. Қалған бір қызым тұрмыста, екіншісі жол апаты салдарынан 20 жылдан бері жындыханада жатады. Қалалық сот осы қызымды өзіме әкеліп тапсырды. Тұрмыстағы қызымның да жағдайы мәз емес. 2005 жылы мемлекеттік кезекпен жер алдым. Алдыңғы жылы Әл-Фараби деген жерден берді. Фундамент құямын деп жүрген кезімде осы жерді тартып алып қойды. Өткен жылдың сәуір айында тағы да жер берген еді. Құжаттары дұрыс емес деп әлгі жерді тағы да тартып алды.

Күзде тағы да жер берілді. Сол жерге ұй салайын десем, қолымда қаражатым болмай тұр. Қазір жүйке ауруына шалдыққан қызымның ұлын бағып отырған жайым бар. Биыл тоғызыншы сыныпты тәмамдады. Өзі екі ай үйде, екі ай жындыханада болады. Аяқ астынан ауырып, ұлы екеуімізді ұрып, үйдегі заттардың барлығын қирата бастайды. Пәтерден-пәтерге көшуден шаршадым. Қыста 35 мың, жазда 20-25 мың теңге төлеймін. Ақтөбе қаласында тұратын 5 бауырым менімен мүлдем араласпайды. Ал марқұм күйеуімнің туысқандары жоқ», – дейді Роза ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік қыз жұрттың көзінше анасына опасыздық жасаған әкесін кешіре алмай жүр

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады

19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Талқылау