Кейбір коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейін қалдырылды: Ұлттық банк төрағасы бұл шара инфляцияны қаншалықты төмендететінін айтты
Фото: freepik.com
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкіметтің Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді кейінге қалдыру туралы шешіміне пікір білдірді. Ұлттық банк басшысы бұл шешімді дұрыс деп санайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Сүлейменов тарифтерді көтеру мәселесін талқылау кезінде инфляциялық факторлар көп болмағанын еске салды.
Ол кезде салық реформасы, дүниежүзілік сауда мәселелері айқын болған жоқ. Дүниежүзілік сауда режимдері қайта қаралатынын ешкім білген жоқ. Тиісінше, тариф реформасының неғұрлым батыл қарқыны жоспарланды. Енді оны (тарифтерді – ред.) міндетті түрде қайта қарау керек және біз тарифтердің сондай қарқынмен өспейтініне қуанамыз. Олар да көрсеткіштің бір түрі болып саналады. Тарифтер инфляцияға қатты әсер етуден бөлек, екінші деңгейлі әсерлерге де айтарлықтай ықпал етеді. Жылуға, электр қуатына келген шотқа қарап, бизнес көбіне оны өзіндік құнға қосып, тауарлар мен қызметтердің бағасын көтере бастайды. Сондықтан мұны дұрыс әрі ұтымды шешім деп есептейміз", – деді Сүлейменов.
Оның мәліметінше, жалпы инфляция деңгейінің 1,32 пайызы табиғи монополия тарифтері есебінен болған.
"Енді олар оны 0,8 пайызға, яғни жарты пайыздан астамға төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл – тек тікелей әсер. Бұл дегеніміз, осы шараның тікелей әсері ретінде біз инфляцияның кем дегенде жарты пайызға төмендегенін көруіміз керек. Жанама әсері де бар. Егер шотыңның жоспарлағаннан көп болмағанын көрсең, онда тарифтердің қымбаттағанын қызметтеріңе, тауарларыңа және т.б. қосуды тоқтататын шығарсың", – деп түйіндеді сөзін Сүлейменов.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет елдегі кейбір коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауын кейінге қалдырғанын жазған едік. Министрлер кабинеті ақылы қызметтер биылдың бірінші жартысында инфляцияның өсуіне негізгі себеп болғанын атап өтті.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
