Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді пайдалануына тыйым салынады
Фото: pixabay.com
Кейбір қазақстандықтардың ChatGPT жасанды интеллектін пайдалануына тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, цифрлық даму министрі мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді қызметтік мақсатта пайдалануға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған. Бұл – деректердің сыртқа шығу қаупінің алдын алу үшін қабылданған шешім.
ChatGPT-ге балама ретінде мемлекеттік қызметкерлерге Назарбаев университетінің базасында әзірленген қазақстандық жасанды интеллект ұсынылды.
"Егер қызметкерлер жұмыс тиімділігін арттыру үшін тілдік модельді пайдаланғысы келсе, ол үшін отандық ғалымдар әзірлеген балама шешім бар. Біздің үлкен тілдік моделіміз жабық контурда, өз серверлерімізде орналасқан", – деді Қаныш Төлеушин.
Вице-министр қазір белгілі бір жұмыстың қандай нейрожелі арқылы орындалғанын анықтау мүмкін емес екенін атап өтті.
Сондай-ақ вице-министр министрлік қызметкерлерінен ChatGPT қосымшасы орнатылған құрылғыларды алып қою жоспарда жоқ екенін айтты.
Еске салсақ, осыған дейін Қырғызстандықтар ChatGPT-дің өздеріне қазақша жауап беретініне шағымданған еді.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
