Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев

Президенттің пайымдауынша, бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлікті айшықтайтын басты ұстанымға айналады. 

“Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет. Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс”, – деді ол.

Сонымен қатар Тоқаев ономастиканың белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес екенін айтты.

“Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек”, – деп қосты президент. 

Назархан Уән
Сенбі, 17 Маусым, 2023 11:11