Кей өңірде қар жауады: Синоптиктер ауа райы болжамын айтты
Синоптиктер Қазақстанда 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста қар жауады, республиканың батысында жел күшейіп, көктайғақ күтіледі. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында синоптиктердің болжауынша тұман түседі, таулы аймақтарда 15-20 м/с жылдамдықта жел күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде және орталығында түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел күшейеді деп күтілуде.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ болады.
Батыста, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, оңтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, түнде солтүстікте, Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында өңірде тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел жылдамдығы – 1-6 м/с. Шығыстан соғатын жел 1-6 м/с болады. Ауа температурасы түнде -23...-25°С, күндіз -11...-13°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жылдамдықта жел соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз 0...-2°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің жымламдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +4...+6°С.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
