Кевин Де Брюйне ресми түрде "Наполи" клубының ойыншысы атанды
Фото: Getty Images Sport
Италияның "Наполи" футбол клубы бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйненің ауысқанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Манчестер Сити" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін, 33 жастағы футболшы еркін агент ретінде Неаполь командасына қосылды.
Де Брюйне медициналық тексеруден сәтті өтіп, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Клуб әлеуметтік желілерде оның суретін "King Kev is here" ("Патша Кев келді") деген жазумен жариялады.
"Манчестер Сити" сапында бельгиялық ойыншы 400-ден астам матч өткізіп, 100-ден аса гол соғып, шамамен 170 нәтижелі пас берген. Ол бұл командамен бірге 6 рет Англия чемпионы атанып, бір рет Чемпиондар лигасын ұтқан.
Жаңа маусымда Де Брюйне Италияда өнер көрсетуді жөн көрді. БАҚ мәліметінше, ол Сауд Арабиясы мен АҚШ-тан түскен ұсыныстарды қабылдамай, Еуропада қалуға шешім қабылдаған. Белгиялық футболшы енді Антонио Контенің жетекшілігімен жоғары мақсаттарға талпынатын "Наполи" сапында ойнайды.