Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кешірмеймін": Мөлдір Мұқанова мен айтыскер қыз Айшолпан Тілеутайдың арасындағы кикілжіңнің неден туғаны беліглі болды

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова “Paradox” бағдарламасында жас ақын Айшолпан Тілеутаймен жұмыс істегенін, алайда келісімшарттың сәтсіз аяқталғанын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/moldir.mt/tleutai.aisholpan

“Айшолпан маған өзі келді, ренішін айтты. Халыққа, өнердегі әпкелері Сара Тоқтамысоваға, Айнұр Тұрсынбаеваға ренжулі екен. “Осы кісілер мені қолдайтын бірінші жандар болу керек еді. Айналып келгенде, сіз маған жетекшілік етіп, қолдау көрсеттіңіз” деді. Продюсерім болыңыз деп ұсыныс тастады, мен келістім. Бес жылға келісімшартқа отырдық. Бірақ келісімшарттағы “Күйеуге шығуға болмайды, салмақ тастау” деген екі пункті алып тастадым. Күйеуге шығуға болады, ал салмақ тастау қиын екенін білемін. Бәрі жақсы болды, концерттерге шықты, идеямызбен бөлісіп, музыкалық продюсер, студия бар, күнде жиналып жұмыс жасап жүрдік. Бір күні Айшолпан жоқ болып кетті, таппай қалдық. 3-4 күннен кейін жылап-еңіреп келді. “Кешіріңіз мен, қайта бірге жұмыс істейік. Қателестім, бұл қателігім қайталанбайды” деді. Мен кешірдім, дұмысты қайта бастадық. Бір ай өтті ме, өтпеді ме қайта жоқ болып кетті. Телефонын өшіріп тастайды, не істейтінін білмеймін, білсем де айта алмаймын. Ол өзінің жеке өмірі. Келісімшартымыз сол күйі жатыр”, – дейді Мөлдір Мұқанова.

Продюсер жас айтыскердің бұл қылығын түсінбей, үлкендік танытып өзі хабарласқан.

“Мен үлкендігімді көрсетіп: “Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Тағы жоқ болып кеттің. Есейгенде түсінерсің” деп жаздым. Сөйтсем маған: “Есейетін уақытты күтіп керек емес, есейдік қой. Бәрі түсінікті” деп ренжіп жауап қайтарды. Маған ең бірінші ол қыздың амандығы керек. Себебі, мына жақта мен ол ұшін жауапкершілік алып отырмын. Соңғы кезде жалақысы бермеді деп айтып жүр екен. Мен ақша беріп жүрдім, бірақ жалақы ретінде емес. Мен: “Қазір табыс жоқ. Барлық қаражатымды өнердің дамуына, костюмдер тігуге, пиарға жұмсап жатырмын. Сендерге отбасылық бюджеттен алып бере алмаймын. Күйеуімнің тапқан ақшасын саған бергенім дұрыс емес. Өзіміз табамыз, сол кезде 50/50 бөлісеміз” деп айттым. Бастапқы кезде 200 мың теңге жалақы беріп отырдым. Кейін маған түрлі мәселесін айтып келіп жүрді. Ол проблемасын шешу үшін 300 мың, 150 мың теңге алып жүрді. Ол денсаулығына, отбасын, ата-анасына байланысты мәселелер еді. Ал ол бермеді деп есептеп жүр екен. Мен Айшолпаннан ұлкен табыс күнткен жоқпын. 1-2 тапсырыс болды, оны келіскенде екіге бөліп алып жүрдік. Көп ақша емес, шарттың аты шарт, жаман үйреніп қалмасын деп екіге бөлдік”, – дейді продюсер.

Мөлдір Мұқанова Айшолпанмен жұмыс істеудегі мақсатын ашық айтты.

“Әнші ретінде шығарғым келді. Өзінің артынан өсіп келе жатқан іні-сіңлілеріне қазақтың ұлағатты сөздерін әдемі әнмен жеткізсе екен деген ой болды. Жасөспірім балалар ыңылдап айтып жүрген әндердің мағынасын түсіне бермейді. Бірақ Абайдың қара сөздерін араластырып ән жазып, Айшолпан арқылы жеткізсек, балаларды солай тәрбиелесек деп ойлаған едім. Әйтпесе, әкетіп бара жатқан дауысы да жоқ. Ханшатырда үлкен концерт болып, “Жастар” деген әдемі ән шығардық. Халық жақсы қабылдады. Концертті ұйымдастырушылар әнде өзінің әлеуметтік желілеріне фон қылып қойып, жақсы басталған. Негізі ары қарай алып кететін едік. Өзі еркелеп кетті. Таныстарымнан естіп қаламын: “Өкініп жүрмін, Мөлдірді сағынып жүрмін. Тағы барсам қалай болады екен?” деп айтып жүрген көрінеді. Енді кешірмеймін, кешіре алмаймын”, – деп кесіп айтты Мөлдір Мұқанова.

Бұған дейін Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына қатысты пікір білдірген болатын.

 

Талқылау