"Кеселден ертерек құтылуға тырысамын": Қатерлі дертке шалдыққан Мұрат Бисембин халыққа алғыс айтты
Халық арасында “Рэкетир” фильмі арқылы танылып, көрермен көзайымына айналған актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/murat_bissenbin/
Өнер иесінің әріптесі актер Саят Исембаев актердің ауырып қалғанын айтып еді. Көп ұзамай актер де үндеу жасады.
“Бәріңізге сәлем! Сіздерге жақсылық тілеймін. Қолдау білдіріп жатқан барша жанға мың алғыс! Жылы сөздеріңіздің бәрін оқып жатырмын. Деніме саулық тілеп, тездетіп сауығып шығуымды тілеп жатырсыздар! Сіздерге көп рақмет айтамын. Мен де бұл кеселден ертерек құтылуға тырысамын. Ауырмаңыздар!”, – деп жазды актер.
Еске салайық, актердің әріптесі Саят Исембаев емге қажет сумманы халықтан жинап беруді жөн көрген еді.
“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазды Саят Исембаев.