Кенжесін айналып-толғанған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)
Қайрат Нұртас желіде кіші ұлымен бірге түскен видеосын жариялады. Оның кіші ұлын айналып-толғанғаны көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында кенжесі Ханмен бірге түскен видеосын жариялады.
Видеода Қайрат Нұртас ұлын айналып-толғанып, еркелетеді.
«Балапан, жаным! Батыр бол», – деп еміренген әнші ұлының бетінен сүйеді.
Мұнан кейін әнші ұлынан «Ассаламуғалейкум» деп амандасуын сұрайды. Әкесінің айтқанын орындаған кенжесі қолын кеудесіне қойып, көпшілікке сәлем берді.
Аталған видеоны 20 сағат ішінде 649 мыңнан аса қолданушы қараған.
Ал желі қолданушылары ұлын айналып-толғанған әншіге сүйсінді. «Балаңыз өзіңізден аумай қалыпты», «Балапаным» деп күлген кездегі көзіңнен айналдым», «Қандай керемет! Сүйсініп қарайсың», «Қайрат балажан екен», – деген желі қолданушылары әншінің ұлының өмір-жасы ұзақ болуын тілесті.
Оқи отырыңыз:
Ақбота Сейітмағамбет Көк базардағы сауда орталығынан қытайлық аяқ киім сатып алып жүр (фото)
Роза Әлқожа өзінің ән кешінде би билеген қызға сахнада тұрып сырғасын шешіп берді (видео)
Қайрат Нұртас: Отбасымды, балаларымды өнерге бергім келмейді