Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов шашын тықырлатып алдырып тастады (фото)

“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов бұйра шашымен қоштасты. Әншінің жаңа образдағы суретін әріптесі желіде жариялады.

15877055_1354356321270897_3119908297293955072_n

Сурет “Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың Инстаграмдағы парақшасында жарияланған. Кенжебектің фотосын қойған Бағлан, әзілдеп “Кенжебекке ұқсайды екен, ия?” деп жазады. Танымал әншінің бұл ерекше әрекетіне желі қолданушылары қатты таңқалған.

“Кенжебек ағаға жарасады екен тақыр бас болған”, “Енді Мейрамбек пен Сәкен ағалардың шаштарын алып тастауын күтеміз”, “Қыста жақсылап бір жаурағыңыз келіп жүр ау деймін”, “Сахнаға Тимати сияқты шығайын депті” деп түрлі пікір білдірген.

ddd

Осыған дейін Кенжебек биылғы жылдың мамыр айында жеке ән кешін беретіндігін хабарлап, жаңалығын тыңдармандарымен бөліскен болатын.

Айта кететін жайт, “Музарт”әншілері мерейтойды өткізген соң шаштарын тықырлап алып тастауға уәде еткен. Алайда концерт аяқтала салысымен-ақ Сәкен Майғазиев бұл ойынан бас тартқанын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке көпшілік риза болды (видео)

Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)

Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

Талқылау