Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Ел арасында «Музарт» тобы тарайды» деген сыбыс тарап кетті. Оған себепті берген «Музарттық» әншілердің өздері. 15 жылдық мерейтой қарсаңында олар бірнеше жерге сұхбат беріп, топтың таралуына қатысты ойдың ортаға салынғандығын растады.

muzart_19

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бүкіл ел сүйіп тыңдайтын «Музарттың» таралуына бірінші кезекте топтың егде жастағы тыңдармандары жол бермейді.

Айта кететін жайт, «Музарт» әншілері топты таратып қана қоймай, мерейтойды өткізген соң шаштарын тықырлап алып тастауға уәде еткен. Алайда концерт аяқтала салысымен-ақ Сәкен Майғазиев бұл ойынан бас тартқанын мәлімдеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Шашымды алмайтын болып келістім. Неге десеңіз, басымда 5 орай бар. 5 орайды бағындыру үшін 6 ай уақыт қажет екен. Жігіттер «уәде қайда?» деді. Мен қалыс қаламын және миллион теңге айыппұл төлеймін. Бір жағы мұқтаж жандарға көмектесемін деп шешім шығардым», – деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Ақ жаулық киген Исабекова тыңдармандарын өзіне ғашық етті

Қазақстандық тележүргізуші бейтаныс әйелге өзінің қымбат көлігін тарту етті

Баян Мақсатқызы жеке өмірі туралы құпияның барлығын баяндайтын кітап жазып жатыр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр