"Кенже балаңа асықтың ба?" Әнші Qanay-дың отбасы қара жамылды

Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанайдың әкесі бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
“Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім, кешірші, әке”, – деп жазды ол.
Әнші әкесінің дүниеден өткенінен анасы әлі де бейхабар екенін жазды.
“Анашыма айтпай ауылға ұшырып жібергем ғой. Атырауға Құлсары жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылып қалғанын айтып, сол қасіретті күндерді еске алған еді.
Еске салайық, әнші Qanay-дың сұхбаты көптің ашуын тудырғаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды