Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып өлтірді

ОҚО-да жедел жәрдем көлігі бүлдіршінді қағып кетті.

Оқиға 16 мамыр күні болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты соққы алған бүлдіршін сол жерде мерт болды.

Жедел жәрдем көлігі артқа жүрмек болғанда баланы қаққан. Көлікті кезекші жүргізуші басқарған. Қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде 9 жасар қыз автобустың астына түсіп мерт болды

Астанада жасөспірім әкесінің көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда өрт сөндіру көлігі әйел адамды қағып кетті

Талқылау