Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал әпкесімен 29 жылдан кейін кездесті (фото)

Әнші мерекелік отырыстардың бірінен туысқан әпкесін жолықтырған. Екеуінің көріспегеніне 29 жыл уақыт болған екен. Көпшілік мұның әншінің кезекті бір қалжыңы екенін айтып жатыр.

13628066_931639716946991_252089554_n

Фото: instagram.com/kentalkz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кентал өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен жиі қалжыңдасады. Бірде түнді бірге өткізуді, енді бірде отбасын құруды ұсынады. Мұнымен қатар, өзінің Құран кітабын оқып жүргенін байқатып, көпшілікті Жаратқан алдындағы парызын өтеуге шақырады. Соңғы кезде жұрт оның қай сөзінің рас, қайсының өтірік екенін ажыратудан қалғанын айтып жатыр.

Бұл жолы әнші туысқан әпкесімен тек 29 жылдан кейін ғана жолығып тұрғанын айтты. Желіге бірнеше қызбен түскен суретін салып, олардың арасынан әпкесін тауып көруді сұрады.

“Әлемнің бір түкпірінде әпкеңнің бар екенін біліп жүресің де, күндердің бір күнінде кездейсоқ жолығып қаласың. Керемет сезімге бөленіп тұрмын. 29 жасымда өзімнің әпкеммен таныстым. Ортақ достарымыз да бар болып шықты. Қыздар, сендермен танысқаныма қуаныштымын! Ал ішінен қайсысы әпкем екенін сіздер тауып көріңіздерші”, – дейді Кентал.

13597830_868528183291055_789174437_n

Ол мерекелік отырыста әпкесімен тілдесіп қана қоймай, артынша үнді фильмдеріндегідей би билегендігін айтады.

Желі қолданушылары Кенталды ғана емес, суреттегі қыздарды да әжуалады. Қалжың-шыны аралас түрлі пікір білдірді.


Жіберіп алмаңыз:

Құран үйреніп жүрген Кентал тәкаппар адамдарды жек көретінін айтты

Кентал өзіне әлеуметтік желі арқылы қалыңдық іздеп жүр

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

Әнші Кентал мұрнына пластикалық ота жасатты

Талқылау