Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеңседе қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысының әйелі жәбірленушіге пара берді деген күдікке ілінді

Күштібаевтың әйелі де тергеліп жатырФото: gov.kz

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, қазір Күштібаевтың жұбайына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"Жетісу облысында Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Күштібаевтың әйеліне қатысты зорлау қылмыстық ісі бойынша жалған куәлік беру, жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді агенттік өкілі. 



Айта кетейік, Жетісу облысының Көксу аудандық соты бұған дейін сотталған Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев пен алаяқтық ісі бойынша тағы екі адамға үкім шығарған еді. Сот мәліметінше, бұрынғы полиция бастығы Марат Күштібаевтың әйелі жәбірленуші мен оның жігітіне хабарласып, белгілі бір сомаға іс бойынша бастапқы айғақтарын өзгертуді сұраған. Қалалық соттың хатшысы "мәмілеге" делдал болып, тартылған сома көлемі 40 миллион теңге болған. Ақшаны алған жәбірленуші іс бойынша берген айғақтарын өзгертуден бас тартқан. Өз кезегінде Күштібаевтың әйелі зардап шеккен тарапты алаяқтық жасады деп айыптап, полицияға арыз берген. Нәтижесінде хатшы, қыз және оның жігіті 6 жылға сотталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.

Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 18:54
Талқылау