Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кең ауқымды соғыс басталуы мүмкін ": Қаруды ең көп сатып алатын елдер анықталды

Әлем бойынша қаруды ең көп сатып алатын елдер аталды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Польша қару-жарақ пен әскери техника сатып алатын елдердің рейтингінде көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Дүниежүзілік қару саудасын талдау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Тізімді жасау кезінде тек АҚШ долларына қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу үшін импорттаушы елдер қол қойған коммерциялық келісімшарттар ғана есепке алынды. Рейтингтің алғашқы екі қатарын Еуропа елдері иеленді. Өткен жылы Польшаның қару-жараққа жұмсаған жалпы шығыны 15,625 миллиард доллар (7,03 триллион теңге), Румынияныкі 10,251 миллиард доллар (4,61 триллион теңге). Үндістан бұл көрсеткіш бойынша 9,41 миллиард доллар (4,23 триллион теңге) нәтижемен үштікті түйіндеді.



Қару-жарақ сатып алушылардың бестігіне Израиль (8,2 миллиард, 6,72 пайыз) мен Нидерланды (7,922 миллиард, 6,49 пайыз) кірді. Алтыншы орында Түркия (7 миллиард, 5,73 пайыз), жетінші орында Ирак (5,189 миллиард, 4,25 пайыз), сегізінші орында Оңтүстік Корея (3 миллиард 611 миллион, 2,96 пайыз), тоғызыншы орында Сауд Арабиясы (3 миллиард 605 миллион, 2,95 пайыз). Алғашқы ондықты Индонезия (3,519 млрд, 2,88 пайыз) түйіндеді.

Бұған дейін америкалық Jamestown сарапшылары Польшада Ресейдің әскери әлеуетін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық артқанын хабарлаған. Әсіресе, Польша үкіметінің басшысы Дональд Туск Украинадағы қақтығыс тоқтаған жағдайда алдағы 3-4 жылда Еуропалық Одақ пен Ресей арасында кең ауқымды соғыс басталуы мүмкін екенін айтты. Осы жағдайға орай премьер-министр жергілікті билікті қорғаныс шығындарын арттыруға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан 2024 жылы сатып алған қару-жарақтың тізімін көрсеткені туралы жазған едік. 

Талқылау