Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемероводағы өрт: «Зимняя вишня» сауда орталығының бас директоры ұсталды

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығының қожайыны, әрі Кемерово кондитерлік фабрикасының бас директоры Юлия Богданова қолға түсті.

Бұл туралы РИА Новости, сондай-ақ РФ Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренкоға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бүгін Кемерово кондитерлік фабрикасының бас директоры Юлия Богданова ұсталды. 25 наурызда өрт болып, көптеген адамдар қайтыс болған ғимарат дәл осы мекемеге тиесілі», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында ұсталған адамның өрт қауіпсіздігіне жауапты екендігі анықталды.

«Зимняя вишня» сауда орталығының қожайыны бірнеше рет қол астындағы қызметкерлерінен өрт қауіпсіздігі жүйесінің кемшіліктері туралы ақпарат алған. Алайда ол бұл кемшіліктерді жою үшін ешқандай шара қолдабаған.

Тергеушілер Богданованың үйін тінтіп шықты. Жақын арада оған өрт қауіпсіздігі талаптарының орындамауынан «екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуы» бабы бойынша айып тағылады.

Айта кетейік, Кемероводағы төрт қабатты “Зимняя вишня” сауда орталығында болған алапат өртте ең соңғы мәлімет бойынша, 64 адам көз жұмған. Олардың 41-і балалар болған. Өрт балалар ойын алаңдары мен кинотеатрлар орналасқан жоғарғы қабаттан шыққан. Адамдар жабық бөлмеден шыға алмағандықтан түтінге тұншығып мерт болды.

Оқи отырыңыз:

Кемероводағы өртте жоғалған үш адам аман-есен табылды

Басы жоқ болса да өмір сүруге құштар тауық тірі жүр

АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері мен миллионердің қызы ата-ана атанбақшы

Наоми Кэмпбелл өте жіңішке мұрны үшін күлкіге қалды

Талқылау