Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келісім жүріп жатыр": Жұлдыз Әбдукәрімова фильм түсірмек

Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы уақытта шығармашылықта белсенді. Отандық арналардың бірінде тележүргізуші болса, кітап жазып, жазушы атанғаны тағы бар. Ал былтыр "Әлем ханымы" атанғаны көптің есінде. Енді Қайрат Нұртастың жары жеке фильмін түсірмек ниетте. Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жақында төртінші баласын мектепке берген Жұлдыз енді шығармашылыққа білек сыбана кіріспек. Ол режиссерлерден жақсы ұсыныс түссе, киноға түсуге тас-түйін дайын. 

"Бұл салада өзімді көргім келеді, өзімді сынағым келеді. Егер де ұсыныстар түсіп жатса, мен ашықпын, дайынмын", – деп ағынан жарылды ол.


"Әйелінің түрі ұсқынсыз, Қайратпен ажырасқан": Әбдукәрімова ел арасындағы қауесеттер жайлы 


Ал әзірге продюсерлер мен режиссерлер тарапынан шақырту алмаған Әбдукәрімова кино түсіруге өзі кіріспек! Қайрат Нұртастың жары енді толықметрлі туындыны таспалауға көшіп, Нұрлан Қоянбаев, Құралай Анарбековалармен бәсекелес атанбақ.

"Алда өзімнің кинотуындымды шығарсам ба деген жоспар бар. Қазір келісім жүріп жатыр, оны әзірге айтпай-ақ қояйын. Бірақ сіздерге айтып қойдым ғой. Қолға алған кезде, сіздерге бірінші болып айтатын болам. Бағыты әзірге белгісіз", – деп құпияның шетін ашты Жұлдыз.

Толықметрлі туындыда Қайрат Нұртас төбе көрсете ме, жоқ па, ол да әзірге белгісіз.

Кино мен телевизия саласынан бөлек, Жұлдыз өзін дизайнерлік салада да сынап көрмек болған. Алайда әзірге бұл талпынысы сәтсіздікке ұшырағанға ұқсайды. 

"Сіздің киім үлгіңіз ұнайды” деп көп қыздар жазатын. "Неге өзіңіздің арнайы топтамаңызды шығармасқа?" деп. Болды, бір дизайнермен жұмыс жасаймыз ба деп келісіп жатқанда арада келіспеушілік болып қалды, сонымен ол жайында қалды. Бірақ бұйыртса оны болашақта іске асырамын деген ниеттемін", – дейді Әбдукәрімова.

Талқылау