Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінжанға" түскесін КАМАЗ алып беруімді өтінді": Танымал блогер Айшолпан Байтүгел табысты болудың құпиясын бөлісті

Үш минутта макияж жасап танымал болған блогер Айшолпан Байтүгел кинодан қанша теңге табатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иесі кмнопродюсерлерден көп гонорар талап ете алмайтынын жасырмады. 

“Өнерде тұрақты табыс жоқ екенін бәрі біледі. Одан кейін Алматы үлкен және қымбат қала екен. Көп гонорар сұрайтын оқыған актриса емеспін. Күн сайын түрлі жобалардан ұсыныс түседі демеймін. Табысымның төрттен бірі пәтеріме кетеді. Әлі күнге дейін пәтер жалдап жүрмін. Ипотекалық бағдарламаларға іліне алмай жатырмын. Мені блогер болып кетті, көп ақша табады деп ойлайды. Бір туысым, “Келінжанға” түстің ғой, енді маған КАМАЗ алып берші” деп өтініш жасаған. Табысым өзімнің жүріп-тұруымнан артылмайды”, – деп ағынан жарылды актриса. 



Сондай-ақ, киножұлдыз отандық сериалдарға түсуге шақырту алған сәтін есіне алды. 

"Түсірілімге қатты дайындалдым. Заттарымды жинап шықтым. "Қонасың, сонда бір ай жатасың" деді. Көлік жүргізуші келіп мені алып кеткенде ішінде Қобыланды Болат пен Рүстем Жаныаманов сияқты актерлер болды. Аузым ашылып қалды. Бұлар қалай сөйлеседі екен деп, маған бәрі қызық болды. Жолдан олардың кофе сатып алғаны да маған кино болып көрінді. Түсірілімнің бірінші аптасы менің ауыз ашып, таңғалуыммен өтті", – деп сырын ақтарды киножұлдыз.

Еске салайық, өнер иесі "Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады" деп жеке өмірінен сыр шерткен еді. 

Талқылау