Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек таңертеңмен жатын бөлмеге рұқсатсыз кіріп алатын енесінен қорқып жүр

Келіншек күнде таңғы сағат 6 шамасында бөлмелеріне рұқсатсыз кіріп, әруақ секілді қарап тұратын енесінен қорқатынын айтады. Енесі де мұны қызғаныш салдарынан жасап жүргенін жасырмаған. Ата-енесінен бөлек шығудың амалын іздеген келіншек жұрттан кеңес сұрады.

post-23593-2016-05-23-16-48-38-e1464000526847

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Менің мәселем ата-енем болып отыр. Мен шаршап, қажып кеттім осы кісілерден. Бірінші бала біздікі, біздің қасымызда жатуы керек деп күнде айқай, күнде ұрыс шығарады. Өзі жалғыз балам бар. Оны да көп көреді менен. Жастары келді дейін десем, аса қартаймаған. Екеуі де 50-дің ішіндегі адамдар. Одан кейін мәселе енемде болып отыр. “Сен түнімен өз балаңды да, менің баламды да құшақтап жатасың” деп таң атпай, таңғы сағат алты шамасында бөлмеге есік қақпай кіріп, бізге қарап тұрады.

Әруақ сияқты кейде қорқамын! Өзі де мұны қызғанғандықтан жасайтынын айтып отыр. Ал атам күнде ішімдік ішіп алып, ұрыс-керіс шығарады. 5 жыл бойы осы нәрсенің бәріне шыдап келемін. Шаршадым! Күйеуім әкесінен қорқып ешнәрсе айта алмайтынын айтады. Шыны керек, күнім жылаумен өтіп жатыр. Бөлек шыққым келеді. Күйеуім “Шыққым келмейді. Кетсең өзің кете бер” дейді. Атамның екінші ұлы мүлдем келмейді. Анда-санда ғана 1-2 сағатқа жолығады. “Бұл үй тозақтың өзі ғой” деп отырады. Қандай кеңес бересіздер? Өтінемін, бір ақыл айтыңыздаршы. Ойым шашыраңқы болып, жалығып кеттім”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бір кездері жездесімен жақындасқан келіншек өз ісіне өкініп жүр

Жаңа босанған келіншек күн көрсетпеген енесі туралы айтып жылады

Астаналық қария қартайғанда өзіне қамқорлық көрсетпеген ұлы туралы айтып ашынды

Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр

Талқылау