Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек өзінен 15 жас кіші қыздармен опасыздық жасайтын күйеуінен құтыла алмай жүр

30 жастағы қазақстандық келіншек кешірім сұрап, артынша бұрынғы әдетіне басатын күйеуінен әбден шаршағанын айтты. Отасқан жылдар ішінде күйеуі өзінен үлкен, тіпті, он шақты жас кіші қыздармен опасыздық жасап үлгерген екен. Енді ол осы күйеуінен қалай құтыларын білмей жүр.

otnosheniya-s-muzhem-1

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Қыз-келіншектер, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қажет болып тұр. Жасым отыздан асқан. 2004 жылы тұрмысқа шығып, бір ұлды дүниеге әкелдім. Содан 2007 жылы отбасымызға үшінші адам кірігіп, ажырасып тындық. Күйеуім сол әйелге үйленіп, артынша бала болмай тағы да ажырасып кетті. Маған қайтып келіп, кешірім сұрады. Оны шын жақсы көргендіктен, баламның әкесі болғандықтан кешірдім. Бірақ, арада көп уақыт өтсе де, балалы бола алмай жатырмыз. Жуырда сүйіктімнің тағы да көзіме шөп салып жүргенін біліп қалдым. Бірнеше жылдың ішінде өзінен үлкен әйелдермен де, 15 жас кіші қыздармен де көңіл қосып үлгерген екен. Оларды ажырасқанын айтып алдаған. Осыны біліп “Енді жолың болсын! Менің өмірімнен кет!” десем кетпейді. Әбден мезі қылды. Одан қалай құтылсам болады? Маған ақыл-кеңестеріңізді айта отырыңыздаршы”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен оралман жігітімен қосылуға тыйым салған әке-шешесіне ренжіп жүр

Келіншек құрбысына көз салып, өзін үйден қуып шыққан күйеуіне қайтып барғысы келіп жүргенін айтты

Бейсен Құранбек қолы жоқ баланы жігерлендіріп, мектепке орналастыруға уәде етті

Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды

Талқылау