Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады
Қазақстандық келіншек өзін жабылып ұратын енесі мен ұлдары туралы айтып жылады. Айтуынша, сөздері дұрыс болмай қалған жағдайда, қайын жұрты қол көтеруге дайын тұрады екен.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
“Жолдасыммен 15 жыл бірге тұрып, бір жарым жыл бұрын айырылысып кеттім. Арамызда жеті бала бар. Көп жыл бойы ұрып-соғып, күн көрсетпей келді. Оңтүстікте “Ер адам уақыт өте келе түзеледі” деген бір түсінік бар. Іштей ақыл тоқтататын шығар деген үмітім болды. Соңында мені байлап тастап ұратындай дәрежеге жетті. Телефонымды алып қойып, бірнеше күн бойы үйге қамап кетеді. Бізде де негізгі себеп қызғаныш болды. “Түсімде сен опасыздық жасап жүр екенсің” деп таңертең ұрыс шығарады. Кейін аямай сабайды. Күйеуімнен бөлек, мені енем мен қайным екеуі қосылып ұрған күндер болды. Сөздері дұрыс болмаса, қол көтеруге дайын тұрады. Балаларымның көзінше де талай рет ұрған еді. Қазір балаларым әкелерімен сөйлескісі келмейді”, – дейді Индира Қазнанова.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты
Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Келіншек күйеуінің жұмыстан келгенше тамақ жасап қоймайтынын айтып ренжіді
Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр