Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ
Қазақстандық бойжеткен отбасылық өмірінде болып жатқан қиындықтары туралы айтты. Екі айдан бері күйеуімен жақындаса алмай қиналып жүр екен.
Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.
Бойжеткен тұрмысқа шыққанына екі ай болса да, күйеуімен жақындаса алмай жүр. Күйеуі өз кезегінде қатты намыстанып, аралары суып кеткен-ді. Бақытгүл Белебайқызы (есімі өзгертілді) жұрттан кеңес сұрады. Алдағы уақытта қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдыруды ойлап жүр екен.
«Қатты қиналғандықтан, хат жазбасқа амалым болмады. Кеңестеріңіз қажет болып отыр. Жасым жиырма төртте. Тұрмыс құрғаныма 2 ай болды. Сөзіме сенбейтін шығарсыздар. Осы күнге дейін жан-жарыммен қосыла алмадық. Қосылатын кезде тәнім қатты ауырады. Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өзіме барлығы дұрыс жасалып жатқандай көрінеді. Бірақ, неге істің соңына дейін жетпей жатқанын түсінбеймін. Аллаға шүкір, пәктігімді сақтап келдім.
Күйеуіммен бір жыл жүріп, сүйіп қосылдық. Енді не істерімді білмей жүрмін. Екеуіміз де қиналып кеттік. Біреуге күлкі, біреуге бос қайғы болып отырған шығар. Кей қыз қыздығынан айырылғанын айтып жыласа, мен бере алмай қиналып келемін. Жұрт «Ауырса да, өлмейсің» деп айтады. Бірақ, мұншалық қиналамын деп ойламаппын. Енді хирургиялық жолмен алдыртуды ойлап жүрмін. Бұл қаншалықты зиян болуы мүмкін? Күйеуім екеуіміз суып барамыз. Оның да жүйкесі әбден тозды. Қатты намыстанады. Не істесем болады? Алдын ала рахмет», – дейді Бақытгүл Белебайқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты
Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты
Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін
Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады