Келіншек бедеу күйеуіне ауыр сөздер айтқаны үшін өзін кешіре алмай жүргенін айтты
Жас келіншектің күйеуі өзінің бедеу екенін білгеннен кейін мінезі қатты өзгеріп, әйеліне қол көтеруді шығарған. Келіншектің айтуынша, болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарады. Екеуі сотқа ажырасу туралы арыз жазып қойған екен. Бірақ, келіншек әлі де бедеу күйеуіне көмектескісі келетінін айтып жатыр.
Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.
«Қазір жасым жиырма төртте. Тұрмысқа шыққанмын. Бірақ, ажырасқалы жатырмын. Жолдасым екеуіміз сотқа арыз беріп қойдық. Заң жүзінде ажырасып үлгермедік. Бар мәселе – күйеуімнің белсіздігі. Арамызда бала жоқ. Күйеуім шипажайларға да, түрлі қымбат клиникаларға да, емшілерге де барып емделді. Арамыз суып кеткендіктен, соңғы кезде төсек қатынасы сиреп кетті. Өзінің белсіздігі туралы білгеннен кейін ашуланшақ болып кетті. Болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарып, маған қол көтереді. Мен шыдамай төркініме кетіп қалдым.
Екі айдан бері бөлек тұрамыз. Әрине, менде де кінә бар. Жолдасымның бедеулігі туралы біле тұра оған қарсы шығып, сөз қайтардым, түрлі ауыр сөздер айттым. «Төркініңе кеткен кезде неге телефоныңды сөндіресің? Неге бір апта бойы жатып аласың?» деп ұрысады. Осылай бір жарым жыл жүрдік. Артымнан бір рет те келген жоқ. Соған анам ашуланып, жүгімді үйге алып келді. Күйеуім жалпы ішімдік ішпейді, шылым шекпейді, артық қыдырмайды. Тек соңғы кездері қол көтергеніне шыдай алмадым. Енді заң жүзінде ажырасқалы жатырмын. Қалай ойлайсыздар, қайта қосылғанымыз дұрыс па? Ақыл-кеңестеріңізбен бөлісе отырыңыздаршы», – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ жігіті көңілдесімен қашқан әйелін кешіруге дайын екенін ашып айтты
Жақында босанған келіншек күйеуінің суық қабағынан қорқатынын айтып жылады
Бойжеткен жігітінің әдепсіз қылықтарынан шаршағанын айтып жылады
Келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжулі