Келіншегі Асхат Тарғынға неке жүзігін тақпауға рұқсат берген
Той-жиындырға жиі баратын әнші неке жүзігін тағуды ұмытып кетеді екен. Мұны байқаған келіншегі әншіге жүзікті тақпауға рұқсат берген.

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Келіншегім үйдегі әке-шешеме қызмет қылып, шай құйып отыр. Араға бір жеті салып қыдыруға шығып кетпейді. Өзі барғысы келсе, қалаған жеріне ертіп барамын. Неке жүзігін тағуды қайта-қайта ұмытып кете беремін. Келіншегім «Ақыры ұмытып кетеді екенсің, тақпай-ақ қой. Бір жерде жоғалтып алып жүрерсің» деді. Неке жүзігінде тұрған ешнәрсе жоқ, ең бастысы, біз бір-бірімізге сенеміз. Бақытты болсақ болды емес пе?! Арамызда сыйластық бар», – дейді Асхат Тарғын.
Дәл қазір Асхат Тарғын сүйіктісімен бірге шетелде бал айын өткізіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)
Қайрат Нұртасты полиция “ұстап алды”
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"