Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келініме дейін мүгедектігі бар тұлға": Айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер отбасын айтып, жылап қалды

Үй тазалап жүріп, үлкен компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет не үшін көп табысқа жеткісі келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurkhan_nurmakhanbet/

21 жасында кәсіп ашып, айына 20 миллион тауып отырған жас кәсіпкердің мақсаты – жақындарына көмектесу екен. 

“Жасыл алжапқышты тағып алып, біреудің дәретханасын тазалап, үйін жинап беруден ұялмаймын. Адал кәсіппен, маңдай теріммен еңбегімнің ақысын алып отырмын. Әлеуметтік желіде де белсендімін. Жұмысымды көрсету үшін ол жаққа да шығып тұруға тура келеді. Менің табысты болуымның мақсаты – жақындарыма көмектесу. Атам мен әжем – мүгедектігі бар жандар. Тіпті келінімнің де денсаулығы жоқ, ол да мүгедектігі бар тұлға. Соларға көмектесу үшін де көп табыс тапқым келеді. Інілерім мен бауырларымды да жоқшылықта өсіргім келмейді. 800 теңге үшін мейрамхананың ыдысын жуып, еденіне дейін тазалап кеткен кездерім болды”, – деп толқыды кәсіпкер жігіт. 



Сонымен қатар бүгінде 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырғанын да айтқан еді. 

“Тек үй тазалауға ғана шықпаймыз. Бизнес орталықтарынан да, ауруханалардан да ұсыныс түседі. Үлкен ғимараттарды да тазалауды қолға алып жатырмыз. Қазіргі кезде командамда 130-ға жуық қыздар істейді. Одан бөлек 40 ер бала істейді. Олар химиялық тазалау жүргізеді. Сонда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырмын. Астанадан бізге көп ұсыныс түседі. Сондықтан осы жақтан ашылып жатырмыз. Құрылыс компаниялары да көп, өнер жұлдыздарының жартысы да осы жерде ғой. Қазіргі кезде штат көбейді, табысымыз артты. Орта есеппен алғанда айына 20 миллион табыс табамын”, – деген еді жас кәсіпкер.

Еске салайық, табысты блогер алғаш кәсіп ашу идеясы қалай келгенін айтып берген еді. 

Талқылау