Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

Фатима Айдынқызы енесінің дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Күндердің бір күнінде дүкен кассасынан 50 мың теңге ұрланғаны анықталады. Енесі мұны Фатимадан көріп, оны қайын жұртының алдында масқаралайды. Келіншек енді қалай ақталарын білмей жүр.

256984

Бұл туралы “Әйелдер бақыты” бағдарламасына жолданған хатта жазылды.

Фатима Айдынқызы  (есімі өзгертілді) осыдан бірнеше жыл бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан. Қазіргі күйеуімен қарым-қатынасы жақсы. Алайда енесі күн көрсетпей жүр екен. Жуырда екеуі қатты ұрысып қалған көрінеді.  Сол кезде енесі аяғынан шалып, жұрттың алдында масқаралайтынын айтқан. Көп ұзамай уәдесін орындап, келінін ұрлықшы етіп шығарған. Қайын жұртының алдында масқара болған Фатима жұрттан ақыл сұрады.

“Жасым отызда. Екінші рет тұрмысқа шықтым. Қазіргі жолдасыммен 6 жыл жүріп қосылғанбыз. Енем барлығымыз бірге тұрып жатырмыз. Ол кісінің шағын дүкені бар. Маған “дүкенде көмекшім бол” деп қолқа салды. Жасап жүрген жақсы жұмысымнан шығып, көмек бердім. Дүкеннің ыстық-суығына төзіп, 15 сағаттап жұмыс істейтін кездерім болды. Осыларға қарамастан қазір менен жаман адам жоқ болып шықты. Кеше ревизия болып, қалған тауар мен ақшаны өткіздім. Санағанымызда 50 мың теңге кем шықты. Енем қайын жұртымның көзінше мені масқара қылып, “ұрлықшысың” деп айыптады. Қатты жыладым. Ал күйеуім менің біреудің ала жібін аттамайтыныма сенімді. Ұрлайтын болсам, үйде тұрған көп ақшадан-ақ алар едім ғой.

Осы уақытқа дейін енем екеуіміз бір рет қатты ренжіскен едік. Сол кезде “сазайыңды тарттырып, әлі саған көрсетемін” деп қорқытқан болатын. Берген уәдесін орындап жатқан сыңайлы. Жаладан қалай құтыларымды білмей жүрмін. Жасаған жақсылығым өзіме қайтар емес. Енді кінәлі еместігімді қалай дәлелдеймін? Құдайға шүкір, жолдасым мені жақтап, шешесінен мұндайды күтпегенін айтып жатыр. Ол да екі оттың арасында қалғандай болып қиналып жүр.

Сөзімді дәлелдеу үшін құмалақшыға барғым келеді. Бірақ құдайдан қатты қорқамын. Енемнен де қатты қорқа бастадым. Атыма кір келтіріп, айтпаған сөзі жоқ. Ағайындар көмектесіп, бір ақыл беріңіздерші. Қалтамнан артық ақша қоспасам, бір артық тиын алған емеспін. Маған біреудің артық 5 тиыны да керек емес. Туған енемнің ақшасын ұрлап, өзімді масқараламайтын едім. Аллаға шүкір, жолдасым барлық керегімді беріп отырады”, – дейді Фатима.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Талқылау