Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келесіде Михаил сияқты жеңіске жетемін” — Софья Самоделкина

Софья Самоделкина Фото:ҰОК

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы жекелей сында өнер көрсеткен Софья Самоделкина 10-орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елге оралғаннан кейін ол жанкүйерлерге алғысын білдіріп, алдағы Олимпиадада жүлде алуды мақсат етіп отырғанын айтты.

"Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерге зор алғыс. Қолдауларыңызды ерекше сезіндім. Келесіде Михаил сияқты жеңіске жетемін", – деді Самоделкина.

Айта кетейік, Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ол еркін бағдарламада 138,99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша жеке рекордын жаңартып, жалпы есепте оныншы орынға ие болды.

Осы жетістігінен кейін Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы спортшыға Астанадан бір бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Софья Самоделкина 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған. Бұған дейін ол Ресей құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 18:31