Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады  

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мен кооперативтер жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі мүмкін.

a77f3195cd41038318447dcfc8c

Мемлекет осы бағытқа 27 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайлы Baq.kz тілшісі.

«Ауыл тұрғындарына несие беру мәселесіне тоқталайық. Бұл жұмыс 2017 жылдан бастап министрліктің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, ауылдағы жеке кәсіпкерлерге, бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге шағын несие беріледі. Несиенің көлемі – 16 млн теңге. Несие белгілі бір өнімді өндіргені үшін беріледі. Пайыздық үстемесі – 6%. Шаруа несиені 7 жылдың ішінде қайтаруы керек», – деді департамент директоры.

Сонымен қатар, Еркебұлан Ахметов шаруаларға берілетін несиенің уақыты неге ұзартылғандығын түсіндіруге тырысты.

«Бұрын шаруалар 3 млн теңгені 5 жылға алатын. Неге несиенің уақытын ұзарттық? Көп жағдайда жаңадан құрылған кооперативтер мал шаруашылығымен айналысады. Яғни жеңілдетілген несиенің 80%-ын осы саланың өкілдері алып отыр. Сондықтан, мамандар осы жағдайды ескере келе, несиенің мерзімін ұзартуды жөн санады. Жалпы тауар өзін-өзі ақтаған кезі болады ғой. Осы жағдайды ескердік. Ол үшін 5 жыл тым аз. Соған байланысты несиені 7 жылға ұзарттық», – деді ол.

Департамент басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, өңірлердегі кооперативтердің жұмысын жандандыру мақсатында мемлекеттен қомақты қаржы бөлінетіндігін атап өтті.

«Енді несиенің көлеміне тоқталайық. 2017 жылы ауылдағы кооперативтерге, жеке кәсібін ашқысы келетін ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие түрінде 27 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Арнайы критерий жоқ. Яғни ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат өз бағын сынап көре алады», – деді ол.

Сондай-ақ, АӨК-ті дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарлама бойынша шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі де қысқартылады.

«2017 жылы шаруаларға берілетін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі 7,4%-дан 3%-ға дейін төмендейді. Мемлекет жыл сайын осы бағытқа 64 млрд теңге бөледі», – деді Ахметов.

 

Талқылау
Пікір
Галымжан
18 Мау, 20 жыл - 09:53

Ассалаумағалейкүм! Менің шаруа қожалығым бар. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында. Шаруашылығымды кеңейту үшін 10500000 теңге несие керек еді. Осыған орай қалай рәсімдеуге болады. Сіздерге қалай хабарласуға болады.

Асем
14 Нау, 20 жыл - 03:25

Мал шаруашылығымен айналысуға канша несие бересиздер