Келесі жылы ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болады

Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылдан бастап ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жыл қорытындысына арналған БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, келесі жылы Air Astana әуе компаниясының ұшақтары мен "Қазақстан темір жолы" пойыздарын интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары басталады. Осылайша, 2026 жылдан бастап пойызбен сапарлайтын жолаушылар интернетке қосыла алады.
"Біздің жоспарымызға сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі бағыттардағы пойыздарда жолаушылардың шамамен 50 пайызы спутниктік интернетке қол жеткізеді. Ал келесі жылдың қазан айына қарай Air Astana ұшақтарының борттарында да спутниктік интернет іске қосылады", - деді Жаслан Мәдиев.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан