Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келешек" жинақтау жүйесі: Ғылым министрі қашаннан бастап шот ашып, ақша жинауға болатынын айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізудің егжей-тегжейлерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Министрдің айтуынша, 2024 жылдың соңына қарай “Келешек” жүйесі бойынша арнайы шот ашуға болады. 

"Келешекке” қатысты тиісті заң жобасы әзірленіп, жыл басында мәжіліске жіберілді, ол күзде жарияланады, біз оны депутаттармен толықтай пысықтап жатырмыз. Ал алғашқы шоттарды 2024 жылдың соңында ашуға болады", – дейді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, жобаның операторы ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты қаржы орталығы болады. Шотты тек министрлік бекіткен банктерден ғана ашуға болады.  


Баланың оқуына ақша жинайтын "Келешек" жинақтау жүйесі экономикаға қалай әсер етеді - Сарапшылар жауап берді


"Банктердің белгілі бір тізімі болады, заң шыққаннан кейін біз ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тәуекелі ең төмен банктерді анықтауымыз керек. Қатаң іріктеу болады", – деді министр.

Министр жиналған ақшаны оқудан басқа да мақсаттарға жұмсауға болатынын атап өтті.

"Егер бала грант жеңіп алса, онда шотта жиналған қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе отбасында өзінен кіші бауырлары болса, отбасы мүшелеріне осы шоттағы қаржыны аудара алады", – деді министр. 

Еске салсақ, өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған еді. Бұл бағдарлама мемлекеттен білім беру капиталын, жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын төлеуді және инвестициялық кірісті қарастыруы керек. Бұл жинақ "Ұлттық қор балаларға" жобасы аясында жинақталған қаражатпен қосылып, қазақстандық балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Талқылау