Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келер жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин

ТиындарФото: freepik.com

Бүгінгі үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10 пайызға дейін төмендету жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жыл соңына дейін алдымызда нақты бағдарлар тұр – экономикалық өсімді кемінде 6% деңгейінде ұстау. Инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. Бұл ретте 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады. Шамаман 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту. Негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40%-ға дейін қамтамасыз ету”, – деді ұлттық экономика министрі.

Серік Жұманғарин сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар іске асыру жалғасатынын атап өтті.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 10:36
Талқылау