Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері университтеттің өзінің мантияларын жалға алуға мәжбүрлеп жатқанын айтып шағымданды

Фото: unsplash.com/әлеуметтік желіден

Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітіруші студенттері университтеттің оқу орнына тиесілі мантияларды жалға алуға мәжбүрлеп жатқаныны айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы желіде ҚазҰУ түлектері жазды. Олар мантияларып алдын ала таңдап қойғандарын, алайда университет тек өз тарапынан берілетін мантияны киюді міндеттеп отырғанын айтады. Университет беретін мантия да тегін емес, жалдау құны 2000 теңге.

Желіде тараған ақпаратқа қатысты университеттің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Университет жыл сайын түлектерге арналған академиялық мантияларды таратады. Биыл жаңа мантиялар алынды, олардың жалдау құны – 2000 теңге. Мантияны жалға беруден түскен қаражат олардың химиялық тазалауына және үтіктелуіне жұмсалады. Сонымен қатар түлектер мантияны басқа жерден таңдап, жалға алуға құқылы”, – делінген хабарламада. 


Назарбаев университеті студентінің денесі жатақханадан табылды

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі


Айта кетейік, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің студенттерден қосымша қызметтерге мәжбүрлеп ақша жинау және диплом қорғаудан кейінгі мұғалімдерге дастархан жаю дәстүріне қатысты шағымдарына жауап берген еді.

Министрдің айтуынша, министрлік осы мәселеге байланысты барлық жоғары оқу орындарының, соның ішінде жекеменшік университеттердің өкілдерімен қосымша жиналыс өткізген және университеттерге студенттерден қандай да бір қаржылық төлем талап етуге тыйым салу жөнінде нұсқау берген.

"Біз тек академиялық саясатты реттей аламыз. Дегенмен бұл мәселені өз жауапкершілігімізге алып, арнайы кеңес өткіздік. Университеттерге қандай да бір қосымша қызметтерді студенттерге мәжбүрлеп ұсынуға тыйым салдық", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында студентті диплом қорғауға жібермей, әскери комиссариатқа алып кеткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 20:45
Талқылау