Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" басшыларына 705 миллион теңге сыйақы: Компания басшысының орынбасары қомақты сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

Фото: kmg.kz

“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов БАҚ-та “ҚазМұнайГаздың” директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне жыл сайын 705 миллион теңге сыйақы төленетіні жөнінде тараған ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкіліне берген жауабында Әсет Мағауов әлі сыйақы алып көрмегенін айтты.

“Маған әлі берілмеді. Менің білуімше, тізімге қосылу үшін бес айдан көп жұмыс істеу керек”, – деді ол.

Журналистің “705 миллион деген қомақты сома ғой” деген таңданысына ұлттық компания басқарма төрағысының орынбасары бұл сома мемлекеттік төлемдерді қосқандағы жалпы сома екенін алға тартты.

“Бұл сомаға ай сайынғы еңбекақы, салықтар, медициналық сақтандыру сынды мемлекеттік төлемдер кіреді. Бұл таза төлем емес, жалпы сома”, – дейді “ҚазМұнайГаз” өкілі.

“Экономикалық жағдай қиын кезде мұндай сыйақылар қаншалықты орынды?” деген сұраққа: “Компанияда топ-менеджерлерді ұстап тұру үшін еңбекақы бәсекеге сай болуы керек”, – деп жауап қатты Әсет Мағауов.

Алайда өзі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты.

 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 16:51
Талқылау