Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазір заң да танысы бардың жағында: Ақтөбе тұрғыны сот орындаушыларынан қысым көргенін айтты

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны Ербол Бидағұлов журналистерден көмек сұрады.

Көрнекі сурет

Айтуынша, жол оқиғасына қатысты жазықсыз жауапқа тартылған. Ол тоқтап тұрған көлігін өзге көлік соққаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелгенін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Оқиға 24 наурыз күні болды. Көлігіммен аудандық аурухананың алдында тоқтап тұрған кезімде артымнан машина соғып мені жол үстіне шығарып жіберді. Сол жерге жол полиция қызметкерлері келді, менің кінәсіз екенім айтылды. Қасымда куәгерім бар. Бірақ, соңында іс басқаша болып шықты. Төрт күн өткеннен кейін мені полиция бөлімшесіне шақырып, сол кездегі жол оқиғасына кінәлі адам екенімді айтты. Оқиғаны басқаша қылып бұрып жіберген, менің сөзіме ешкім құлақ аспады. Істі екі күннен кейін сотқа жіберіп, соңында өзімді кінәлі қылып қойды», — дейді Ербол Бидағұлов.

Соттан жеңілген тұрғынды сот орындаушылары қыспаққа алған.

«Қазір заң да танысы бардың жағында болып тұр. 9 айға жүргізушілік құқымнан айырды. 24 наурыз күні толтырылуға тиіс хаттаманың өзін қолыма 28–інде берді. Істі қалаға да жібердім, одан да ештеңе шықпады. 125 мың теңге айыппұл төлеуді міндеттеп жатыр», — дейді ол.

«100 мың теңге үшін үйіңді тартып аламыз» деп сот орындаушылары күнде келгеннен кейін тұрғын нан тауып отырған жалғыз көлігін сатуға мәжбүр болғанын айтады.

«Мен мүгедек адаммын, төрт баламды осы машинамен асырап отырмын. Өзім жұмыссызбын, отбасымды асыраңдар деп енді қайда барамын? Мен ол айыппұлды қалай төлеймін, кінәсіз екенімді кімге дәлелдеймін? Сот орындаушылары үйге күн сайын келеді. Отбасымнан маза кетті. Айыппұлды төлемейтін болсаң, үйіңді тартып аламын деп отыр. 125 мың теңге үшін үйіңді аламын деп есімді шығарып жатыр. Менің журналистерден көмек сұрағаннан басқа амалым жоқ. Ертең көлігімді сатып, сол қарыздан құтылайын деп отырмын. Бұлай отыра берсек, енді үйдегі балаларымның да аштан өлетін түрі бар», — дейді Шалқар ауданынан хабарласқан Ербол Бидағұлов.

Тағы да оқыңыз:

Жаратылысынан ерекше белгімен туылған жануарлар (фото)

Астанадағы орыс театры “Зың-зың” әніне ролик түсірді (видео)

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

Талқылау