Қазы-қартадан жасалған Алатау: Қырғызстандағы Қазақстан елшілігіндегі дастархан әлеуметтік желіде сынға ұшырады (видео)
Әлеуметтік желіде Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде ұйымдастырылған фуршеттің видеосы тарады. Видео авторының сөзінше Қазақстан елшілігінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Мейрам. Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі Тәуелсіздік күнін ұйымдастырды", - дейді кадр сыртындағы ер адам.
Видеодан жергілікті аспаздар дайындаған қазы-қартадан жасалған тау, бауырсақтан жасалған ағаш, бидай сабағы іспеттес сыр қосылған жұқа нанды және Қазақстан мен Қырғызстан туы бейнеленген тортты көруге болады.
Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мұның қарапайым фуршет екенін мәлімдеді.
"Қазақстандағы шетелдік елшіліктері қабылдауды дәл осылай өткізеді. Барлығында қарапайым фуршет. Тек мұнда аспаздар қиялдарын қосып, креативті етіп жасады", - деді ол.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі фуршет бағасының өзге фуршеттермен бір екенін де қосып өтті.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды