Қажылықтан келген пірін ақ киізбен көтеріп, аяғын сүйгендер жұртты шошытты (видео)
Желіде қажылықтан келген қарияны аяғын жерге тигізбей ақ қиізбен көтеріп, құрмет көрсеткендердің видеосы тарады.
Ақ матаға гүл сабақтары төгілген. Қажыны көліктен түскен бойында ақ киізге түсіріп, матаның бойымен алып жүрді. Күтіп алушылар арасында таяққа сүйенген ақсақалдар да бар.
Желі қолданушылары бұл ақсақалдың сопылардың пірі Құрбанәлі ишан екенін айтуда. Жиналған жұрт “Аллаху акбар” десіп, қарияның аяғынан сүйіп жатыр. Құрбанәлі ишан оларға қарсылық көрсеткен жоқ.
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.
Желі қолданушылары кейбірі ақ киізбен көтерудің қазаққа тән құрмет екенін айтып жатыр. Енді бірі мұның дұрыс еместігін айтып, жаға ұстады.
«Мынау, не сұмдық», «Бұл Аллаға серік қосу ғой, адаспандар» деп жазды желі қолданушылары.
«Хазіретімізге тіл тигізіп, «Не болыпты қажылыққа барса, екінің бірі барып жатқан жоқ па дейтіндерге!
«Мұса а.с. есегіне мініп қажылыққа барды. Мұса а.с. қажы болды. Есегі есек болды деген екен. Сол үшін нақшбандия тариқатының пірінің қажылығымен басқаны шатастырмаңыздар. Хазіреті Құрбанәлі ишан піріміз бүкіл қазақ елі үшін қажылық қылып жатыр. Жұрттар сияқты қара басымен әлек емес. Тәубе, шүкір десеңдерші осындай ұлық пірдің елімізде болғанына», – деп жазды Дидар Аяпов есімді желі қолданушысы.
Тағы да оқыңыз:
Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)
Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды
Салафиттік ортада танылған уағызшы өзінің қате ағымда болғанын мойындады (видео)