"Қазавтожолдың" бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Астанадағы сот "Қазавтожол" компаниясының экс-басшысына үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Істе екі адам айыпталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, істе екі адам айыпталған. Олардың бірі – "Қазавтожол" басқармасының бұрынғы төрағасы.
Тергеу барысында М. және Ж.-ның 2000 жылдардан бері таныс екендігі анықталған.
“М. 2017-2019 жылдары Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2019-2021 жылдары облыс әкімінің орынбасары болған және автомобиль жолдарындағы, оның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірдегі "Жақсы-Есіл-Бузулук" автожолындағы мәселелер туралы білген.
2019 жылы М.-ны облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған кезде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Ақмола филиалы мен Ж. тұлғасында "Асыл-ЖАС" ЖШС арасында осы көпірді жөндеу бойынша 2,2 миллиард теңге сомасына сатып алу туралы шарт жасалды. Сотта ақша мердігерге аударылмағаны анықталды”, – делінген хабарламада.
М. 2021 жылғы сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
“2021 жылғы 16 маусымда тапсырыс берушінің бастамасы бойынша шарт бұзылып, мердігер атынан "Асыл-ЖАС" ЖШС оның әрекеттерін сот тәртібінде дауламаған. Ал шілде-тамыз айларында Ж. және мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес ұйымдастырып, онда "Асыл-ЖАС" ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу туралы мәселеге бастамашы болған. Мұндай кеңесті өткізуге негіз жоқ еді. Ж.-дан ешқандай жазбаша өтініші түспеген”, – делінген хабарламада.
Бірнеше заңсыз бұйрық пен негізсіз келісімдер...
2021 жылғы 20 қазанда М. "Асыл-ЖАС" ЖШС директоры Ж. "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-на бұрын бұзылған 2019 жылғы шарт бойынша бірнеше талап қойып заңсыз бұйрық шығарған.
“Ол оның компаниясының алдындағы берешегі бойынша сот талаптарын қояды деген сылтаумен Есіл өзені арқылы көпір салумен 80-82 км. "Жақсы-Есіл-Бузулук" Р-13 Республикалық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша 2,2 миллиард теңгеден астам сомаға "Dike" және "Асыл-ЖАС" ЖШС консорциумымен бір көзден сатып алуды жүзеге асыру туралы заңсыз бұйрық шығарған.
Бұл ретте соттардың 21.01.2020 жылғы "Асыл-ЖАС" ЖШС-не қатысты және 07.10.2021 жылғы "Dike" ЖШС-не қатысты шешімдерімен тиісінше кредиторлық берешегі 264 миллион теңгеден және 685 миллион теңгеден асатын оңалту рәсімдері қолданылды”, – делінген сот анықтамасында.
Осылайша, консорциум мүшелері қаржылық тұрақсыз компаниялар болып, оларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің нақты мүмкіндігі болмады.
“2021 жылғы 21 қазанда М. шығарған бұйрық негізінде Ақмола филиалы Ж. тұлғасындағы "Dike" және "Асыл-ЖАС" ЖШС консорциумымен шарт жасасты. 2021 жылғы 28 желтоқсанда шарт шеңберінде "Асыл-ЖАС" ЖШС есептік шотына 200 милион теңге сомасында аванс аударылып, М. және Ж. оларды ұрлап, талан-таражға салған. Мемлекетке келтірілген залал өтелмеген”, – деп қосты сот.
Сот тергеуінің қорытындысы бойынша М. және Ж. ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, аудиторлық есептердің, мамандардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі
Прокурор сотталушыларға қосымша жаза тағайындай отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәні мойындамай, оларды ақтауды сұрады.
“ҚК 189-бабы 4-бөлігінің санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жаза тағайындау кезінде сот сотталушылардың әрекеттерінде М. және Ж.-ның жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескерген: ол жас балалардың болуы және соттылықтарының болмауы”, – деп шешім шығарды сот.