Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатында алтынға таласады

ҰОКФото: ҰОК

Дубайда IBA ұйымдастыруымен ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің ақтық сынында төрт боксшымыз алтын жүлдеге таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтар болсақ, 54 келіде Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинмен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ал 57 келінің өкілі Оразбек Асылқұлов финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен алтын жүлдеге таласады.

Бұдан өзге ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов 71 келінің шешуші сынында ресейлік Сергей Колденковпен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, бұл Абылайхан Жүсіповтың әлем чемпионатынан еншілеп отырған төртінші жүлдесі.

Бұған дейін ол үш рет қола жүлде еншілеген. Бұған қоса Абылайхан ерлер арасынан ел тарихында әлем чемпионатында Серік Сапиевтен кейін төрт жүлде алып отырған екінші боксшы.

75 келіде Сабыржан Аққалықов тағы бір ресейлік Исмаил Муцольговпен жекпе-жек өткізеді.

Бұл біріншілікте Теміртас Жүсіпов пен  Ертуған Зейнуллинов  қола жүлдеге ие болды.

Ақерке Өмірхан
Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025 00:08