Қазан айында Ресейден Қазақстанға аударымдардың 13 есе өскені анықталды
Қазақстан ұлттық банкі қазан айында Ресейден аударымдардың 13 есе өскенін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РБК сайтына сілтеме жасап.

Қазан айында "Золотая корона", "Юнистрим" және “Contact” ақша аударымдары жүйелерінің көмегімен 42,7 млрд теңге (5,6 млрд рубль) аударылды.
123,4 мың транзакция жасалған. Ресей шетелден аударымдар бойынша көш бастап тұр, жалпы соманың үлесі 57,5%-ға тең. Екінші орында – Қырғызстан. Ол 14 %-ға (10,4 миллиард теңге) тең.
Бұған дейін қаржы сарапшысы Михаил Беляев қазақстандық теңгенің бағамы осы валютадағы операцияларға сұраныстың артуына байланысты аздап өсетінін айтты.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”
