Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: pixabay.com
Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күздің екінші айында ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Ол 25 қазанда тойланады. Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан қосымша демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс режиміндегі қазақстандықтар үш күн қатарынан – 25, 26 және 27 қазанда демалады.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланған еді.
Республика күні 1995 жылдың қазан айында ұлттық мереке ретінде бекітілді, алайда 2009 жылдан бастап аталып өтпей қалды. 2022 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, 25 қазан қайтадан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді.
Биыл күзде қазақстандықтар қанша күн демалады
2025-2026 оқу жылындағы демалыс күндері белгіленді
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне қосымша демалыс енгізу туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын жазған едік. Бұл бастаманы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі қолдады, бірақ түпкілікті шешімді үкімет әлі қабылдаған жоқ.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
