Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақша киімде ән салған қара нәсілді қыз жұрттың ашуын келтірді (видео)

Осыдан бірнеше сағат бұрын ғаламторда қазақтың ұлттық киімін киіп, қазақша ән салып тұрған қара нәсілді қыздың видеосы пайда болды.

^3EF50E6FED277BCDE84D36A9A6AD3061219200DAEC6CF2EF14^pimgpsh_fullsize_distr

Қазақы ою-өрнекпен көмкерілген көйлек, ұлттық бас киім сәукелені киіп, тойда ән салған қара нәсілді қыз жұрттың ашуына тиді. «Қара қыз» тойда белгілі әнші Жанар Дұғалованың хит әнін орындаған. Айта кетейік, «Ізін көрем» әні Жанар Дұғаловаға «Turkvizyon-2014» байқауында жеңіс алып келген болатын.

Желі қолданушылары қара қыздың қазақтың ұлттық киімін киіп, қазақтың әнін орындағанын көргенде, қатты ашуланды. Оған мына бір пікірлер дәлел: «Қап-қара болып қазағымның аппақ киімін кигені несі?», «Мыналар әбден басынып алыпты ғой, біздің тойларда ән салып жүр», «Мынаған кім жол берген?», «Не мазақ мынау?», «Қазақтың ұлттық киімін қорлады-ау», «Соған мәз болып қол соғып отырған біздің қазақтар да ақымақ», «Жетіскен екенбіз».

Видеоны небәрі 5 сағаттың ішінде 60 мың адам тамашалап үлгерген. Жазба Инстаграм желісіндегі eap_kz парақшасында жарияланды.

Есесіне қара қызды қолдап, өнеріне тамсанғандар да аз емес. “Жарайсыңдар, олар халықтың көңіл-күйін қалай көтеру керек екенін жақсы біледі, әрі олардың тұрмыстық жағдайы мәз емес, бізбен және біздің көршілерімізбен салыстыруға тіпті келмейді”, “Қазақтың тойларынан тәп-тәуір ақша табуға болатынын қара нәсілділер де түсінген”, “Осындай қара нәсілділерді аяймын”- деп жазды желі қолданушылары.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Конголық сарбаздар Қазақстан жайлы ән салды (видео)

Нигерия тумасы Назарбаевқа қазақша ән салып берді

Қайрат Нұртас орыстарды қазақша ән салдырып билетті (Видео)

Талқылау