Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың арманы: Еуропада еттен жасалған сусындар сатылады

Неміс қасапшысы Петер Классен еттен жасалған сусындарды нарыққа шығармақ.

pic_3b782cf81329ea4e0752b2c16d282996

Бұл туралы 29 шілде күні шетелдік Die Welt басылымы хабарлады.

Өнім Германия нарығына қыркүйек айында енетін болады. Классеннің сөзіне қарағанда, ол Люксембург, Бельгия және Франция өндірушілерімен келісім-шартқа отырып қойған.

«Адамдардың қызығушылығын байқадым. Жалпы нарықта бұған ұқсас ештеңе жоқ», – деп атап өтті қасапшы.

Ол халықаралық патент алу үшін өтінім де білдіріп қойыпты.

Классен үш дәмнен тұратын сусын түрін ойлап тапты. Олар: «Стейк», «Бомбейлік сиыр еті» және «Патшалардың тауығы». Сусынды даярлау үшін ет пен көкөністерді қайнатып, пюрені сұйық күйге жеткенге дейін араластырады. Бұдан кейін сұйықтық бөтелкелерге құйылады.

Қасапшының сөзіне қарағанда, бұл сусынды бір жылға жуық уақыт сақтауға болады. Оның пікірінше, аталған сусынды әскерде және гуманитарлық көмек көрсету барысында қолданған ыңғайлы.

Сусынның рецептін Классен өзінің ұлы Филиппен және аспазшы Штефан Киммелмен бірге үш жыл бойы ойластырған.

«Әрине, бұл бастамамызды қолдайтындар да, қарсы шығатындар да көп болады», – дейді қасапшы.

Жіберіп алмаңыз: 

Жолда төбелескен суырлар кептелістің себепші болды (видео)

Қытайлық әйел несие төлемеу үшін өзіне пластикалық ота жасатқан

Азамат ағаш түбінде ұмыт қалған алтындар мен ақшаны иесіне қайтарған

Ұры өз қылмысын жасыру үшін 9 бірдей бриллиантты жұтып қойған

Талқылау