"Қазақтың жерлерін қайтарсын": Путинге талап қойған жүкті мұғалімнің жазасы қоғам наразылығынан соң кейінге қалдырылды
Фото: ЖИ
Әлеуметтік желіде Ресей президентінен "қазақтың тарихи жерлерін қайтаруды" талап еткен мектеп мұғаліміне қатысты сот үкімі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Жансұлу Дархамбаеваға қатысты үкімнің орындалуын екі жылға шегеруге шешім шығарды. Бұл шешім оның сәбилі болуына байланысты қабылданды.
35 жастағы Жансұлу Дархамбаева – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының мұғалімі. Ол әлеуметтік желілерде, әсіресе TikTok-та, Ресей президентіне қарсы айтқан мәлімдемелерімен және ұлтаралық араздық тудыратын бейнероликтерімен танымал болды. Ол Ресей халқына "қазақтың тарихи жерлерін қайтару" туралы талап қойып, Алтай, Орынбор, Астрахан, Курск, Том, Қорған, Саратов және Новосібір облыстарының 100 жылдық жалға алу мерзімі аяқталды деген мәлімдеме жасаған.
“Араздық тудырған”: Белсенді Темірлан Еңсебек ұсталды
“Іс материалдарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, ұсынылған стенограммада Дархамбаеваның сөзі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге немесе елдің тұтастығына қарсы әрекеттерге шақырмайтыны айтылды”, – делінген хабарламада.
20 мамырда аудандық сот оны "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша 2 жылға қауіпсіздігі төмен колонияға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл кезде ол жүктіліктің 37-аптасында болған. Ол сот залында қамауға алынған еді.
Дегенмен 11 маусымда ол қызын дүниеге әкелді. Апелляциялық сот отырысында Дархамбаева жаңадан босанғанын, денсаулығы мен баланың жағдайын айтып, үкімнің орындалуын шегеруді сұрады. Судья оның өтінішін қанағаттандырып, жаза өтеуді екі жылға кейінге қалдырды.
Айта кетсек, бұған дейін 35 жастағы мұғалім Жансыла Дархамбаева ұлтаралық алауыздықты тудырды деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жазғанбыз. Осыдан кейін қоғамда наразылық туып, жүкті әйелдің түрмеде қалуына жұрт қарсы шықты.
Қоғам белсендісі Динара Смаилова Қазақстанда әйелдерге келгенде адамгершілік қағидаты керісінше жұмыс істейтінін айтты.
“Егер сен әйел болсаң, айтқан сөзің үшін, өзіңді қорғағаның үшін, сенің құқыққорғаушылық мəнсабың үшін сені түрмеге жабады. Жаңалықтар тек әйелдерге қарсы қылмыстан көз ашпайды”, - деді ол.
Смаилова сондай-ақ Жоғары сот судьясы Назгүл Рахметуллинаға үндеу жасап, жаңа босанған әйел нәрестесімен ауруханадан қайта түрмеге аттанбайтынына үміттенетінін жеткізді.
Еске салайық, ақпан айында ішімдікке тойып алған ерлі-зайыпты такси жүргізушісін балағаттап, оған тіл тигізген еді. Оның арты төбелеске ұласты. Жүргізуші айыпталушыдан 300 мың теңге өтемақы өндіргенімен, әйелдің 4 баласы барын білгенде оны аяп, арызын қайтарып алған.

Қазақстандық қыз АҚШ-қа оқуға барып, жүкті екенін білді: Ол қолындағы баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
