Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" NVIDIA негізінде Орталық Азиядағы тәуелсіз жасанды интеллект зауытын іске қосты

Фото: Gov.kz

Әлемдік технологиялық көшбасшы NVIDIA компаниясы алғаш рет Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін атап өтті. Мәлімдеулерінше, Қазақтелеком Орталық Азиядағы жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымын дамытуда ерекше рөл атқарып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі developer.nvidia.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

NVIDIA блогының мәлімдеуінше, ЖИ дамыған кезде елдер деректерін сақтау және өңдеу мәселелеріне мән беру керек. Осы мақсатта әр мемлекет өз ЖИ инфрақұрылымын құрып жатыр. Бұл бастама тек технологиялық емес, стратегиялық сипатқа ие: ұлттық тілді, мәдениетті, заңнаманы ескеретін шешімдер қажет. Сонымен қатар бұл бағыт білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және экономикаға серпін береді дейді.

Бүгінде Азия, Еуропа, Америка және Африкадағы ірі телекомпаниялар осындай фабрикаларды іске қосып жатыр. SoftBank (Жапония), Singtel (Сингапур), Ooredoo (Катар), Fastweb (Италия), TELUS (Канада), Cassava Technologies (Африка) және басқа да компаниялар ұлттық деңгейде ЖИ шешімдерін дамытып жатыр.

Орталық Азияда бұл бастаманы Kazakhtelecom қолға алған.

“Қазақстан жасанды интеллект саласында өзінің үлкен тілдік моделін (LLM) әзірлеуді және негізгі салаларда ЖИ шешімдерін енгізуді қамтитын ауқымды ұлттық бастаманы көтерді. Жергілікті инфрақұрылымды қалыптастыруд үшін “Қазақтелеком” NVIDIA GPU және NVIDIA AI Enterprise бағдарламалық платформасы негізіндегі коммерциялық жасанды интеллект фабрикасын іске қосып жатыр. Ол осы жазға жоспарланған.

Платформа бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдар, жеке компаниялар, стартаптар мен университеттер үшін қолжетімді және қауіпсіз бұлттық сервис болмақ. Бұл әуе көлігі, банк ісі, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ сияқты негізгі салаларға жасанды интеллект негізіндегі озық үлгілер мен шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 31 Мамыр, 2025 14:08
Талқылау