Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға Ресейде тексеріс басталды
Фото:Sport.kq
Ресейдің ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады. Бұған әлеуметтік желілерде қырғыздар мен қазақтарды ұлт ретінде кемсітіп, қорлаған видеороликтің жариялануы себеп болған. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігі Азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Арызда баяндалған жағдай бойынша тиісті тексерісті Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасы жүргізіп жатыр", - деді Азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Евгений Артемов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланғаны хабарланды. Екатерина Бивол Instagram желісінде түрлі ұлт өкілдеріне, оның ішінде қырғыздар мен қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтып, видео жариялаған еді. Осындан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрілігі Екатерина Биволдың үстінен “ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Кеше Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында бокс бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстанда қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді