Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі тағайындалды

“Бүгін елбасы жарлығымен Қазақстанның Ұлттық экономика министрі тағайындалды”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінде.

8575639

Бүгін Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевты Қазақстанның ұлттық экономика министрі етіп тағайындады. Жаңа министрді Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

Қуандық Уәлиханұлы 1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқарма Академиясын, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон ат. Университеті жанындағы Менеджмент және Бизнес Мектебін (АҚШ) бітірген. Бизнес Басқару Магистрі дәрежесіне ие болған. 2002 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Ол 2001–2002 жылдары – «Қазақстан даму банкі» АҚ бас менеджері, 2002 жылының тамыз айынан 2003 жылының наурыз айына дейін – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқарамасы бастығының орынбасары болды.

2003–2005 жылдары «Ұлттық инновациялық қоры», «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» Корпорациясы» акционерлік қоғамдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2005–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;

2006–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі;

2007–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі;

2008–2010 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.

2010–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі;

2011–2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың 22 мамырында «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы болып қызмет етті.

Еске сала кетсек, бесінші мамырда еліміздегі жер дауынан соң Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кеткен еді.

 

Талқылау